«Шаңырақ»мешітінде «Қари болғым келеді»рухани кездесу өтті
Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ»мешітінде «Қари болғым келеді» тақырыбында тағылымды сұхбат ұйымдастырылды.
Кездесуге қари Ерджумаев Сәтжан Бийсенұлы қатысып, жамағат пен шәкірттерге Құран жаттаудың маңыздылығы жайында әсерлі әңгіме өрбітті.
Сұхбат барысында қари Құранды жаттаудың сауабы, қари болу жолындағы талаптар, сабыр мен тұрақтылықтың маңызы туралы айтып, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап беріп, Құран ілімін үйренуге ниетті жастарға пайдалы кеңестерін жеткізді.
Кездесу соңында мешіттің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы сұхбатты қорытындылап, жамағаттың белсенділігіне алғыс білдірді. Сондай-ақ қариға ең мазмұнды әрі ойлы сұрақ қойған жамағат мүшелерінің арасынан арнайы таңдап, сыйлық табыстады.
Осындай рухани кездесулер жамағаттың Қасиетті Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып, жастарды Құран іліміне бет бұруға жігерлендіреді.
