«Шаңырақ»мешіті:Қадір түнінде қарилар мен мешіт жамағаты марапатталды
Бүгін Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде Қадір түні қарсаңында тарауық намазы барысында қасиетті Құран Кәрім толық хатым етіліп, жамағатпен бірге арнайы дұға жасалды.
Тарауық намазында Құранды хатым еткен қарилар – Ерджумаев Сәтжан Бийсенұлы және Суранчиев Мирас Адилжанұлы Жаңаөзен қалалық мешітінің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы Құран хатымын жасаған қариларға ризашылығын білдіріп, еңбектеріне алғыс айтты. Хатымнан кейін қариларға қасиетті мекенге сапар шегу үшін Ұмраға жолдама табысталып, қазақтың дәстүрі бойынша иықтарына шапан жабылды.
Сонымен қатар мешіт жанашыры Биманов Нұрдаулет Русланұлына да Ұмра қажылығына жолдама сыйға берілді.
Іс-шара барысында Жаңаөзен қалалық мешітінің 30 жылдық мерейтойына орай мешіттің қызметіне қолдау көрсетіп жүрген бірқатар жанашыр жамағаттар арнайы марапатталды. Атап айтқанда, Суменов Ерболат Батырович және Тартубаев Кенжеңали Бақтығалиұлына мерейтойлық медаль табысталды.
Бұл игі шара жамағаттың рухани бірлігін арттырып, қасиетті Рамазан айының берекесін сезіндіре түсті.
