blog Images

Қадір түніне орай «Шаңырақ»мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Бүгін 16 наурыз 2026 жылы Жаңаөзен қалалық  «Шаңырақ» мешітінде «Бір күнде бір мұқтажға көмек» атты қайырымдылық акциясы аясында игі іс жүзеге асты.
Мешіттің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлының бастамасымен мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық көмек ұйымдастырылды.

Аталған шара барысында мешітіміздің тазалық жұмысына жауапты қызметкері, көп балалы ана Сагынова Орынша Муратовнаға 50 000 теңге көлемінде қаржылай көмек табысталды. Бұл – қоғамда жанашырлық пен мейірімділікті арттыруға бағытталған игі бастамалардың бірі.

Ислам діні адамдарды бір-біріне қамқор болып, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға үндейді. Осыған байланысты Пайғамбарымыз ﷺ хадисінде: «Қайырымдылықтың ең жақсысы – мұқтаждарға көмектесу» деп өсиет еткен.

Жаңаөзен қалалық мешіті алдағы уақытта да қайырымдылық шараларын жалғастырып, қоғамдағы мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарын тұрақты түрде жүргізе бермек.