blog Images

Құрық мешіті:Қадір түні қарсаңында қари мен мешіт жамағатына ерекше сый жасалды

Қарақия аудандық орталық мешітінде қасиетті Рамазан айының ең қадірлі түні – Қадір түні ерекше рухани шарамен аталып өтті.

Іс-шара барысында мешіт жамағаты жиналып, қасиетті түннің маңызы насихатталып, дұға-тілектер жасалды. Сондай-ақ мешіт ғимаратына үлес қосып, елге үлгі болып жүрген жасы үлкен ақсақалдарға құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды.

Сонымен қатар орта буын өкілдерінің бірі сауапты сапарға жолданып,  қасиетті мекенге  Кіші  Қажылыққа  жолдама табысталды.

Жастарды жақсылыққа, дінге жақын болуға ынталандыру мақсатында түрлі сыйлықтар берілді.