ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚАДІР ТҮНІ ҚАРСАҢЫНДА БІРҚАТАР МЕШІТТЕ НАСИХАТ АЙТТЫ
Қасиетті Рамазан айындағы Қадір түні қарсаңында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы бірқатар мешіт жамағатымен жүздесіп, насихат айтты.
Алдымен Мұнайлы ауданы Атамекен ауылындағы «Ар-Рахман» мешітінде жамағатпен кездесіп, қасиетті Қадір түнінің артықшылығы мен маңызына тоқталды. Бас имам өз сөзінде бұл түннің мың айдан қайырлы екенін айтып, мұсылман қауымды осы түнді құлшылықпен, дұға-тілекпен өткізуге шақырды.
Сонымен қатар облыс бас имамы Ақтау қаласындағы «Шопан ата» мешітінде және «Ержан хазірет» мешітінде болып, жамағатпен жүздесіп, Рамазан айының қадір-қасиеті, Қадір түнінің сауабы мен берекесі жайында тағылымды насихат айтты.
Кездесу барысында жамағатқа ізгі тілектерін жеткізіп, қасиетті айда жасалған әрбір игі амалдың сауабы мол екенін атап өтті. Жиналған көпшілік ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады.
