blog Images

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ҚАДІР ТҮНІ ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ

Бүгін, 16 наурыз күні қасиетті Рамазан айының ең қадірлі түндерінің бірі – Қадір түні қарсаңында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Құран Кәрім толық оқылып, тарауық намазынан кейін хатым дұғасы жасалды.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы  қасиетті Қадір түнінің маңызына тоқталып, Қадір түнінің мың айдан қайырлы екенін айтып, бұл түнді құлшылықпен, дұғамен өткізуге шақырды.

Жамағатпен бірге жасалған дұғада жер бетіне бейбіт өмір, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, береке мен бірлік тілеп, ізгі ниеттер айтылды. Сонымен қатар оқылған Құран хатымының сауабы елдің бірлігі мен тәуелсіздігі жолында аянбай еңбек еткен асыл тұлғалардың рухына бағышталды.