«Шаңырақ»мешітінің шәкірті Құран байқауында жүлделі орын иеленді
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық Бас мешітте «Рамазан – Құран айы» атты Құран Кәрімді жатқа оқу байқауы өтті.
Аталған байқау ҚМДБ Құран секторының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, еліміздің әр өңірінен келген шәкірттер қасиетті Құранның 29–30 параларын жатқа оқу бойынша өзара бақ сынады.
Бұл сайыста Жаңаөзен қалалық мешітінің шәкірті Талғат Теңелов жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі II орынға ие болды. Ол – ұстазы Нағманов Нағим Серікұлының шәкірті.
Жас қаридың жетістігі үшін арнайы марапатты Республикалық Бас мешіттің бас имамы Қ.Қ. Қыдырмин табыстады.
Бұл жеңіс – шәкірттің табандылығы мен ұстаздың сапалы тәлімінің нәтижесі. Жаңаөзен мешітінің жамағаты шәкірттің жетістігіне қуанып, алдағы уақытта да Құран қызметінде биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.
