blog Images

Оразмағанбет ахун мешітінде діни кітаптар тексерілді

Оразмағанбет ахун мешітінде діни әдебиеттерді ретке келтіру және олардың мазмұнын тексеру мақсатында арнайы бақылау жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында мешіт кітапханасындағы діни кітаптар қаралып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұсынған және рұқсат етілген әдебиеттердің болуы назарға алынды. Сондай-ақ кітаптардың реттелуі мен сақталу жағдайы да қарастырылды.

Аталған тексеру жұмыстарын мешіттің бас имамы Оразбай Түркменбайұлы жүргізіп, діни әдебиеттердің дұрыс қолданылуы мен жамағатқа ұсынылу тәртібіне мән берді.