blog Images

Маңғыстау ТВ телеарнасында «Құран және ғылым»тақырыбында арнайы сұхбат түсірілді

Маңғыстау TV телеарнасының «Ай сұлтаны Рамазан» бағдарламасында Баянды ауылдық мешітінің наиб имамы Шағалақ Мейрамбек сұхбат берді.

Бағдарлама барысында наиб имам қасиетті Құран Кәрім мен ғылымның байланысы туралы айтып, Ислам дінінде білім мен ғылымның маңызы жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ, Құран аяттарында адамды білім іздеуге, ойлануға және жаратылыстың сырын тануға шақыратын көптеген насихаттар бар екенін жеткізді.

Сұхбат барысында  Рамазан айының рухани тәрбиесі, білім алудың маңызы және жас ұрпақты ғылымға баулу мәселелері де кеңінен түсіндірілді.