«Қосай ата»мешітінде 10отбасыға қайырымдылық көмек берілді
Қасиетті Рамазан айының аясында Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінде «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара барысында әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасыға азық-түлік қоржындары таратылды. Бұл шара Рамазан айындағы мейірімділік пен жанашырлықты насихаттауға бағытталды.
Шара барысында мешіттің бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы қайырымдылыққа үлес қосқан жомарт жандарға алғыс айтты. Сондай-ақ, жамағатты ізгі амалдарды көбейтіп, мұқтаж жандарға көмектесуге шақырды.
