Қарақия аудандық мешітінде Пәтуа сағаты өтті
Қарақия аудандық орталық мешітінде жамағатқа арналған «Пәтуа сағаты» өтті.
Шара барысында мешіттің бас имамы Серік Есмұрзаев жамағатқа қасиетті Рамазан айына қатысты пәтуалар мен діни үкімдер жайында түсіндірме жасап, оразаның шарттары, тәртібі және сауапты амалдар туралы насихат айтты.
Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, Рамазан айын дұрыс өткізуге байланысты пайдалы кеңестерін жеткізді.
