Баянды ауылдық мешітінде шәкірттер арасында Құран жарысы өтті
Баянды ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен шәкірттер арасында Құран сайысы өтті.
Рухани шара барысында қатысушылар Құран сүрелерін мәнерлеп оқып, сондай-ақ қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін көрсетті.
Сайыстың негізгі мақсаты – жас шәкірттердің Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып, діни білімдерін тереңдету.
Жарыс қорытындысы бойынша Құранды жақсы оқып, сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларға арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.
