Сәби Атабайұлы мешітінде рухани-танымдық білім сайысы өтті
Қасиетті Рамазан айында Теңге ауылындағы Сәби Атабайұлы мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен рухани-танымдық білім сайысы өтті.
Сайыс барысында қатысушылар «Пайғамбарымыз әз Мұхаммед» кітабы бойынша білімдерін сынап, сұрақтарға жауап беріп, өзара бақ сынасты. Шараның негізгі мақсаты – жамағат арасында пайғамбарымыздың өнегелі өмірін насихаттап, діни білімді арттыру болды.
Сайыс соңында үздік өнер көрсеткен жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталып, ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдірілді.
