blog Images

ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ АҚСАҚАЛДАР АРАСЫНДА БАТА БЕРУ САЙЫСЫ ӨТТІ

  “Дін мен дәстүр” бағыты аясында  ҚМДБ Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық “Бекет ата” мешітінде ақсақалдар арасында “Бата дарып,бақ қонсын”!бата беру байқауы өтті.

Салт-дәстүрлердің ішіндегі ең асылы, көңілдің сәнін келтіріп, өмірдің мәнін ұғындыратын рухани құндылығымыз ол – бата деп айтсақ еш қателеспейміз. Бата – жақсылық пен игі ықыластың, ақ тілектің айғағы. Шара барысында облыстық мешіт наиб имамы Іздібай Бегенұлы  дәстүрімізді жаңғырту мақсатында бата сайысының ұйымдастырылып отырғандығы жайлы айтып өтті.

Маңғыстау облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлы ақсақалдардың бата беру мәдениетін қалыптастыру, дін мен дәстүр сабақтастығын сақтау және бата беру дәстүрін қайта жаңғырту маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ бұл игі дәстүрді өскелең ұрпаққа насихаттау қажет екенін айтты.

Игі сайысқа  қатысушы  ақсақалдар батаның мазмұны, орындау шеберлігі, сөз саптауы ,дін мен дәстүр бағытындағы сұрақтар қою критерийлері негізінде бағаланды.Осынау дәстүрді жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған бата сайысында бірінен-бірі асып түсіп, алақан жая бата берген ақсақалдардың ішінен:

I орын-Асылбекұлы Оралбек (50 000 теңге)

II орын-Тілеухан ақсақал (40 000 теңге)

III орын-Тәжібай Төтенұлы (30 000 теңге)иеленіп,арнайы марапатталды.Сондай-ақ,ынталандыру мақсатында Қарабаев Жақсылық,Бекиев Әзірбай ақсақалға ынталандыру сыйлығы берілді.