blog Images

Қасиетті Рамазан айында облыстық мешітте Құран жарысы өтті

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Құран жарысы ұйымдастырылды.

Сайыс барысында қатысушылар «Дұха» сүресінен «Нәс» сүресіне дейін жатқа оқып, өз білімдері мен дайындықтарын көрсетті. Қазылар алқасы қатысушылардың Құранды дұрыс оқуына, тәжуид ережелерін сақтауына және жаттау деңгейіне ерекше мән берді.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен арнайы сыйлықтар табысталды.