blog Images

Рамазан 2026:Еңбек мамандарына «Рамазан қоржыны»табысталды

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, Маңғыстау облыстық орталық”Бекет ата” мешітінде Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы консулдығының ұйытқы болуымен қала тазалығын қамтамасыз етіп отырған еңбеккерлерге «Рамазан қоржыны» үлестірілді.

Ардақты пайғамбарымыздың хадистерінде қоршаған ортаны таза ұстау жайында қатаң ескертілген. Осы орайда ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қала көшелерінің таза болуы үшін күні-түні еңбектеніп жүрген 100 еңбеккер жанға күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік салынған қораптар таратылды.

Қасиетті Рамазан айында сауапты іске үлес қосқандар бүтіндей бір саланың өкілдерін қуанышқа бөлеп, қайырымдылық қоржынын табыстады. Қайырымдылық шарасына атсалысқан Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Сабри Альптекин, Вице-консул Йылдырым Бюкер, Атташе Гөкхан Шен, Түркия Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және Үйлестіру агенттігі Тика (ТIKA) Астана Өкілінің орынбасары Халил Аджарға алғысымызды білдіреміз!Алла садақаларыңызды қабыл етсін!