Басшы Айжанақұлы мешіті алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетті
Қасиетті Рамазан айымен бірге келген көктем мерекесінде «Басшы Айжанақұлы Әзірханов» мешітінің ұйымдастыруымен алтын құрсақты аналарға арнайы құрмет көрсетілді.
Алтын құрсақты 11 перзенттің анасы, 104 жастағы Тілеубайқызы Сырға әжеміз және 95 жастағы Рахманқызы Маржан әжеміздің үйіне барып, көктем мерекесімен құттықтады.
Мешіт бас имамы Ұзақбай Түркменбайұлы аналарға «Рамазан тәттілері» себетін сыйлап, аналарға денсаулық пен амандық тілеп, ізгі тілектерін жеткізді. Алтын құрсақ аналар өз кезегінде мешітке алғыстарын айтып, ел-жұрт пен ұрпақ амандығын тіледі.
