«Сәби Атабайұлы»мешітінде «Рамазан сыйы»қайырымдылық шарасы өтті
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай,Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылындағы Сәби Атабайұлы мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара аясында мүмкіндігі шектеулі, зағип және есту қабілетінен айырылған 22 жанға азық-түлік себеттері таратылды.
Шара барысында мешіттің бас имамы Мұхаммедназар Қарыапызұлы барша жиналған жандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, бұл айдың мейірім мен қайырымдылыққа толы ай екенін атап өтті. Сонымен қатар игі іске үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.
