Баянды ауылдық мешітінде «Бас имам сағаты» өтті
Қасиетті Рамазан айында Баянды ауылдық мешітінде жамағатқа арналған «Бас имам сағаты» өтті.
Шара барысында мешіттің бас имамы Саламат Түгелбайұлы Рамазан айының артықшылықтары, оразаның сауабы және мұсылманның бұл айда жасайтын ізгі амалдары жөнінде насихат айтты. Кездесу соңында жамағаттың сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестерін жеткізді.