blog Images

«Шопан ата»мешітінде Рамазанға қатысты Пәтуа сағаты өтті

Қасиетті Рамазан айында Ақтау қалалық «Шопан ата» мешітінде жамағатқа арналған «Пәтуа сағаты» өтті.

Кездесу барысында мешіттің наиб имамы Айдос Жамбылұлы қасиетті Рамазан айының маңызы, оразаға қатысты пәтуалар мен шариғи үкімдер жөнінде насихат айтты. Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ораза ұстау, ауыз ашу және құлшылыққа байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.