blog Images

Ар-Рахман мешітінде «Рамазан сыйы»қайырымдылық шарасы өтті

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Атамекен ауылдық Ар-Рахман мешітінде  «Рамазан сыйы қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және асыраушысынан айырылған  15 отбасыға азық-түлік қоржындары табысталды. Бұл бастама қасиетті айдың рухани маңызын насихаттап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді, қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттыруды мақсат етеді.

Көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыстарын білдіріп, елдің амандығы мен береке-бірлігі үшін дұға жасады.