«Төлей ишан»мешітінде «Бас имам сағаты»өтті
Қасиетті Рамазан айында Басқұдық ауылдық «Төлей ишан» мешітінде «Бас имам сағаты» өтті.
Жиын барысында мешіттің бас имамы Қалдыбай Наурызбай жамағатқа «Ораза – жан мен тән емшісі» тақырыбында насихат айтып, оразаның рухани және тәрбиелік маңызына тоқталды.
Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, қасиетті айдың қадірін түсіндіру бағытында пайдалы кеңестерін жеткізді.