blog Images

Қарақия аудандық мешітінде «Бас имам сағаты»тұрақты түрде жалғасуда

Қасиетті Рамазан айында Қарақия аудандық орталық мешітінде дүйсенбі және бейсенбі күндері тұрақты түрде «Бас имам сағаты» өткізілуде.

Кездесу барысында мешіттің бас имамы Серік Есмурзаев жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеті, оразаның маңызы мен рухани тәрбиесі жайында насихат айтып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруде.

Рухани басқосу жамағаттың діни білімін арттырып, қасиетті айдың мән-маңызын терең түсінуге бағытталған.