blog Images

Оразмағанбет ахун мешітінің шәкірттері арасында Құран сайысы өтті

Қасиетті Рамазан айында Жаңаөзен қаласы Рахат ауылдық Оразмағанбет ахун мешітінде шәкірттер арасында «Рамазан – Құран түскен ай» атты Құран сайысы өтті.

Рухани шарада мешіт шәкірттері  Құран Кәрімнің 30-парасынан өзара бақ сынап, білімдері мен тәжуид ережелерін көрсетті. Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
1-орын –Нұғмет Абдурахман
2-орын – Амангелді Мансұр

3-орын –Құлбай Абдулла

Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталып, қатысушыларға алғыс білдірілді.