blog Images

Ар-Рахим мешітінде «Рамазан сыйы»қайырымдылық шарасы өтті

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Мұнайшы ауылдық Ар-Рахим мешітінің ұйымдастыруымен  «Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы өтті.

Игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға азық-түлік қоржындары табысталды. Қайырымдылық көмекті мешіт имамы Заир Мұхаммедюсуфұлы табыстап, жиналған жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Сондай-ақ имам Рамазан айының берекесі мен сауабы жайында айтып, мұқтаж жандарға қолдау көрсету – сауапты іс екенін атап өтті. Шара соңында көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.