«Шаңырақ» мешітінде «Бір күнде -бір мұқтажға көмек»қайырымдылық шарасы өтті
Қасиетті Рамазан айында Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде қасиетті айда мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында «Бір күнде – бір мұқтажға көмек» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Игі бастама аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасына қолдау көрсетіліп, 50 000 теңге көлемінде ақшалай көмек табысталды.
Жақсылыққа бастайтын бұл шара мешіттің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлының бастамасымен жүзеге асып, көпбалалы әке Дүбарай Досан Түлкібайұлына көмек көрсетілді.
Қайырымдылық – қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті арттыратын ізгі амалдардың бірі. Мұндай игі істер мұқтаж жандардың көңіліне қуаныш сыйлап қана қоймай, адамдар арасында жанашырлық пен бауырмалдық сезімін күшейтеді.
Жаңаөзен қалалық мешіті алдағы уақытта да Рамазан айының рухына сай осындай сауапты шараларды жалғастырып, мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетуді мақсат етеді.
Алла Тағала жасалған әрбір қайырымды істі қабыл етіп, елге береке мен бірлік нәсіп етсін!