blog Images

Баянды ауылдық мешітінде ерекше балаларға «Рамазан тәттілері»таратылды

Баянды ауылдық мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ерекше балаларға арналған «Рамазан тәттілері» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара барысында 30 ерекше балаға тәттілер таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Шара барысында мешіттің бас имамы Саламат Айтбайұлы балаларды және олардың ата-аналарын қасиетті Рамазан айымен құттықтап, балаларға білім жолында табыс тілеп, ізгі тілегін білдірді.