blog Images

«АЙ СҰЛТАНЫ – РАМАЗАН» ХАБАРЫНДА «ЖОМАРТТЫҚТЫҢ ДӘРЕЖЕСІ МЕН САУАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АРНАЙЫ СҰҚБАТ ТҮСІРІЛДІ

Қасиетті Рамазан айында Маңғыстау TV телеарнасының «Ай сұлтаны – Рамазан» бағдарламасында кезекті рухани сұхбат өтті.

Бағдарлама қонағы ретінде Қызылтөбе ауылдық «Мұстафа» (с.ғ.с) мешітінің  бас имамы  Айғабыл Дәуірханұлы қатысып, «Жомарттықтың дәрежесі мен сауабы» тақырыбында мазмұнды әңгіме өрбітті.

Сұхбат барысында қасиетті айда қайырымдылық жасаудың сауабы, мұқтаж жандарға қол ұшын созудың қоғам үшін маңызы туралы айтылды. Сондай-ақ ,Айғабыл Дәуірханұлы барша жанды сауапты істерде белсенді болуға шақырды.