Сәби Атабайұлы мешіті мектеп оқушыларына «Рамазан тәттілерін»үлестірді
Теңге ауылдық Сәби Атабайұлы мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айына орай мектеп оқушыларына «Рамазан тәттілері»үлестірілді.
Игі шара барысында мешіттің бас имамы Мұхаммедназар Қарыапызұлы шәкірттерге Рамазан тәттілерін үлестіріп, қасиетті айдың маңызы мен тәрбиелік мәні туралы насихат айтты. Сонымен қатар, оқушыларды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге ұмтылып, ізгі амалдар жасауға шақырды.
