blog Images

«Бір күнде бір мұқтажға көмек:«Ар-Рахман»мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде қасиетті Рамазанда «Бір күнде бір мұқтажға көмек» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі бастамаға  мектеп оқушылары белсенді қатысып, өз үлестерін қосып, азық-түлік өнімдерін әкелді. Жиналған қайырымдылық көмекті мешіт имамы Өтеген Қамалбайұлы мұқтаж отбасына табыстады.

Шара барысында жамағатқа Рамазан айының сауапқа толы мүмкіндіктері, қайырымдылық пен жанашырлықтың маңызы жөнінде насихат айтылып, жас ұрпақты мейірімділікке тәрбиелеудің мәні атап өтілді.