«Бір күнде бір мұқтажға көмек»:Оразмағанбет ахун мешітінде қайырымдылық шарасы өтті
Қасиетті Рамазан айында Рахат ауылдық Оразмағанбет ахун мешітінде «Бір күнде бір мұқтаж жанға көмек» акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараның мақсаты – Рамазан айында мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттыру.
Мешіттің бас имамы Оразбай Түркменбайұлы қайырымдылық аясында бес мұқтаж отбасыға қаржылай көмек табыстап, жиналған жамағатты сауапты істерде белсенді болуға шақырды. Сонымен қатар, Рамазан айының берекесі мен рухани тәрбиелік мәні жайында насихат айтты.
