blog Images

ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ КІТАП КЛУБЫ ОҚЫРМАНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Бүгін Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің кітапханасында кітап клубы оқырмандарының алғашқы рухани жиыны өтті. 
Жиын барысында ҚМДБ Бас мүфти  Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен жоспарға сәйкес «Ихсан» кітабын үш бөлімге бөліп, үш ай көлемінде жүйелі түрде оқу туралы бастама айтылды.

Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы «Ихсан» кітабының мазмұны мен тағылымдық мәніне тоқталып, ихсан ілімінің адам өміріндегі орны мен рухани кемелденудегі рөлі жайында мазмұнды насихат айтты.

Сонымен қатар,облыстық мешіт ұстазы Марат Жарылқапұлы қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті мен артықшылықтарына кеңінен тоқталып, Рамазанның тек ораза ұстайтын ай ғана емес, жүректі тазартатын, нәпсіні тәрбиелейтін, иманды күшейтетін ерекше рухани мүмкіндік екенін атап өтті.