«Салиқалы сұқбат»бағдарламасы аясында арнайы хабар түсірілді
«Munara TV»телеарнасы бекіткен кестеге сәйкес «Салихалы сұқбат» бағдарламасы аясында «Рамазан – рухани кемелдену айы» және «Ислам және адал қоғам» жылы тақырыптарында екі арнайы хабар түсірілді.
Бағдарлама қонағы ретінде облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қатысып,2026 жыл – «Ислам және адал қоғам» жылы аясында ҚМДБ бекіткен кешенді жоспарға тоқталды. Сондай -ақ,өңірлік мешіттерде жүзеге асырылатын рухани-ағартушылық, тәрбиелік, қайырымдылық және насихат бағытындағы іс-шаралар жоспарын кеңінен тілге тиек етіп, қоғамда адалдық, жауапкершілік және ізгілік құндылықтарын нығайтудың маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, бас имам қасиетті Рамазан айының рухани кемелдену мен жүрек тазалығына бастайтын ай екенін айтып, оразаның тәрбиелік мәні мен пендені сабыр мен тақуалыққа жетелейтін қасиеттері жайында ой бөлісті.
Ал, облыстық мешіттің ұстазы Марат Жарылқапұлы «Ислам және адал қоғам» жылы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен рухани-ағартушылық бағыттағы шаралар туралы баяндап, адалдық ұстанымының қоғам тұрақтылығындағы орнына тоқталды.Сондай -ақ,қасиетті Рамазан айының қадір-қасиетті мен,ораза ұстаудың сауабы жайлы айтып өтті.
