«Рамазан сыйы»:«Шаңырақ» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті
«Рамазан сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны аясында «Зекет және қайырымдылық» қоры және Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің бастамасымен қайырымдылық шарасы өтті.
Игі іс барысында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және көмекке мұқтаж қала тұрғындарына азық-түлік қоржындары мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар табысталды. Қасиетті Рамазан айында жүзеге асқан бұл шара – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда жанашырлық пен мейірімділікті арттыруға бағытталған маңызды бастама.
Берекелі айда жасалған әрбір жақсылық еселенген сауапқа жазылып, ел бірлігі мен ынтымағын нығайта берсін.
