blog Images

«Ар-Рахман» мешітінде «Зекет-бес парыздың бірі»тақырыбында семинар өтті

Атамекен ауылдық «Ар-Рахман»мешітінде жамағатқа арналған «Зекет – бес парыздың бірі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында мешіт имамы.Өтеген Қамалбайұлы зекеттің Исламдағы орны мен маңызы, оның қоғамдағы әлеуметтік теңдікті қалыптастырудағы рөлі кеңінен түсіндірді.. Сондай-ақ, зекет берудің шарттары, мөлшері және оны дұрыс үлестіру тәртібі жайында жан-жақты мәлімет берілді.

Жиын соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.