blog Images

Маңғыстау аудандық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Маңғыстау аудандық орталық мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай қайырымдылық шарасы өткізілді.

Шара барысында мешіт имамы Тоқтарбаев Наурызбек мұқтаж отбасыларға күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік пен киім-кешекті үлестірді. Өз кезегінде көмек алған отбасылар алғыстарын білдіріп, мешіт қызметкерлерінің еңбектеріне береке тілеп, қуаныштарын бөлісті.