«Шаңырақ» мешітінде «Қолдан-қолға»жобасы аясында бірқатар қайырымдылық шарасы өтті
Қасиетті Рамазан айында Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ»мешітінде «Зекет және қайырымдылық» қоры мен бірлесіп «Қолдан қолға» жобасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ақшалай сыйлықтар үлестірілді.
Сонымен қатар,мешіт бас имамы Еркеғали Сағынбайұлының бастамасымен мешіт шәкіртінің білім жолына шығуына қолдау көрсетіліп, оқу жол ақысы ретінде 65 000 теңге көлемінде ұшақ билеті сатып әперілді.
Мешітіміздің қадірлі ақсақалы, 1941 жылы туған Нұралыұлы Хабиболла қарияға құрмет ретінде 50 000 теңгелік қаржылай сертификат табысталды.
Сондай-ақ, Жаңаөзен арнайы мектебінің 10-сынып оқушысы, мүмкіндігі шектеулі Оңарбай Беріктің анасына да 50 000 теңге көлемінде қаржылай сертификат беріліп, отбасыға қолдау көрсетілді.
Рамазан – мейірім мен жанашырлықтың айы. Осы айда жасалған әрбір қайырымдылық іс қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтып, сауапты амалдардың артуына себеп болады. Алла Тағала жасалған игі істерді қабыл етіп, ел-жұртымызға амандық, береке нәсіп етсін!
