«Шаңырақ»мешітіндегі діни кітаптарға тексеріс жүргізілді
Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде діни әдебиеттерге жоспарлы тексеріс жүргізілді.
Мешіттің наиб имамы Дінмұхамбет Әлиұлы мешіт ішіндегі және мешіт жанындағы дүкен сөрелеріндегі кітаптарға бақылау жасап, мазмұнын зерделеді. Тексеру барысында барлық діни кітаптардың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан діни сараптамадан өткендігі анықталды.
Бұл – жамағатқа ұсынылатын әдебиеттердің сенімді, дәстүрлі ислам құндылықтарына сай және ресми мақұлданған екенін көрсетеді.
Мешітімізде діни сауаттылық пен дұрыс ақпараттың таралуына әрдайым ерекше мән беріледі. Алла Тағала баршамызға пайдалы білім нәсіп етсін!
