«Ар-Рахим»мешітінің имамы мектеп оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінің имамы Заир Мұхаммедюсуфұлы Маңғыстау облысы Білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Зайырлы мемлекет – бейбіт өмір кепілі» тақырыбында насихат айтылып, зайырлылық қағидаттарының қоғам тұрақтылығындағы маңызы кеңінен түсіндірілді. Имам жастарға дін мен дәстүрдің үндестігі, өзара құрмет және ел бірлігін сақтау жайында тағылымды ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ, оқушыларға жат ағымдардан сақтану, ақпаратты саралай білу және рухани құндылықтарды берік ұстанудың маңыздылығы айтылды. Кездесу соңында оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасу өтті.
