blog Images

Қасиетті Рамазан айында 120 ерекше жандарға ауызашар берілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай,ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры және Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен ерекше жандарға  ауызашар берілді.

Игі шара аясында көру қабілеті төмен, есту қабілеті нашар және мүмкіндігі шектеулі 120 жанға арнайы ауызашар дастархан жайылды.

Жиын барысында жиналған жамағатқа қасиетті айдың қадір-қасиеті насихатталып, ел тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалды. Ұйымдастырушылар тарапынан ерекше жандарға құрмет көрсетіліп, оларға рухани қолдау мен ыстық ықылас білдірілді.

Рамазан – мейірім мен жанашырлықтың айы.Осындай сауапты шараға қолдау білдірген жандарға Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің атынан үлкен алғыс білдіреміз!