blog Images

Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ»мешітінде рухани кеш өтті

Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешіті қабырғасында қасиетті Рамазан айының қарсаңында ерекше рухани кеш өтті.

Тарауық намазына жиналған жамағатқа мешіттің бас имамы жүрекжарды құттықтауын арнап, барша мұсылман қауымды Рамазан мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар, мешітіміздің ашылғанына 30 жыл толуына орай «Руханият ордасы – 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен бірқатар азаматтар марапатталды.

Атап айтқанда, 2005 жылдан бері мешітімізде қызмет атқарып келе жатқан молда Абдиллатипұлы Амидулла жамағат алдында арнайы төсбелгімен марапатталып, құрмет көрсетілді.

Сондай-ақ, мешіт құрылған күннен бері тұрақты түрде келіп, қолдау білдіріп келе жатқан жамағат мүшелері Төлегенов Сәкен Жиделбайұлы мен Әділов Дәулетали Якашевич те мерекелік төсбелгімен марапатталды.

Бұл шара – мешітіміздің 30 жылдық мерейтойы аясында дін жолында еңбек етіп, руханиятқа үлес қосып жүрген азаматтарға көрсетілген лайықты құрметтің көрінісі.

Алла Тағала баршамыздың игі амалдарымызды қабыл етіп, бірлігімізді арттырсын!