blog Images

«Шопан ата»мешітінде әйел жамағатына арналған рухани семинар өтті

Қасиетті Рамазан айында Ақтау қаласындағы «Шопан ата»мешітінде әйел жамағатына арналған арнайы рухани семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында мешіт ұстаздары оразаға қатысты амалдар мен үкімдер, оның шарттары мен міндеттері туралы кеңінен түсіндіріп, қасиетті айдың рухани пайдалары жайлы уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ, Рамазан айында жасалатын ізгі амалдардың маңызы мен мұсылман әйелінің отбасыдағы және қоғамдағы рөлі сөз болды.

Іс-шараға жалпы саны 45 әйел шәкірт қатысып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Рухани басқосу жамағаттың білімін арттырып, қасиетті айды мәнді әрі сауапты өткізуге бағыт-бағдар берді.