«Шопан ата»мешітінде «Жүректерді нұрландырған Рамазан» атты рухани шара өтті
Қасиетті Рамазан айында Ақтау қалалық «Шопан ата»мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен жас шәкірттерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында «Жүректерді нұрландырған Рамазан» атты тағылымды шара өтті.
Рухани кеш барысында шәкірттер жарамазан жырын айтып, түрлі қызықты ойындарға қатысты. Шара аясында Ақмарал ұстаз қыз балаларға Рамазан айының қадір-қасиеті, оның тәрбиелік мәні мен игіліктері жайлы насихат айтып, ізгі амалдардың маңызын түсіндірді.
Сондай-ақ, қатысушыларға тәттілер таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Іс-шараға жалпы саны 40 қыз бала қатысты.
