Ар-Рахман мешітінде қайырымдылық шарасы өткізілді
Атамекен ауылдық Ар-Рахман мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Игі шара аясында мешіт ұжымы жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға жылы киім үлестірді.Қайырымдылық шарасы барысында мұқтаж жандарға қажетті киім-кешектер үлестіріліп, олардың жүрегіне қуаныш пен үміт сыйланды.
Мешіт қызметкерлері Рамазан айы – мейірім мен жанашырлықтың айы екенін атап өтіп, мұндай сауапты істердің қоғамдағы бауырмалдықты арттырып, ынтымақ пен бірлікті нығайта түсетінін жеткізді.