blog Images

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ БІРҚАТАР ҚАЛА МЕН АУДАН МЕШІТТЕРІН АРАЛАДЫ

Қасиетті Рамазан айында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы бірқатар қала мен аудан мешіттерінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Іссапар барысында  қалалық «Ержан Хазірет» мешіті,қалалық «Шопан ата» мешіті,Ақшұқыр ауылдық мешіті,Сайын Шапағатов мешіттерін аралап тексеріс жүргізді.

Тексеріс барысында қасиетті айдағы ұйымдастырылып жатқан рухани шаралар, тарауық намазының өткізілу барысы, мешіттің сыртқы-ішкі құрылысы назарға алынды. Сонымен қатар мешіттің тазалығы, ішкі тәртібі және кітап сөрелеріндегі діни әдебиеттер тексеріліп, олардың мазмұны мен жүйелі орналастырылуы қарастырылды.

Бас имам Рамазан айының қадір-қасиетін ерекше атап өтіп, бұл ай – рухани жаңару мен сауапты істерді көбейтудің мүмкіндігі екенін жеткізді. Сондай-ақ мешіт қызметкерлеріне жамағатпен жұмысты жандандырып, қайырымдылық шараларын жүйелі ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.