Білімі артқан адамның адалдығы артар:«Қосай ата» мешітінде білім сайысы өтті
Жаңаөзен қаласы Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінде жамағат арасында «Ислам және адал қоғам» атты білім сайысы өтті.
Білім сайысының басты мақсаты – жамағаттың діни сауатын арттыру, дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау және адал қоғам құндылықтарын дәріптеу болды. Білім сайысы барысында қатысушыларға дін мен ұлттық дәстүрге қатысты түрлі сұрақтар қойылып, олардың білім деңгейі сынға түсті.
Сайыс нәтижесінде үздік деп танылған қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.






