blog Images

«Төлей ишан»мешітінің бас имамы студенттермен кездесті

Ақтау қаласы технологиялық колледжінде «Исламдағы отбасықұндылығы» тақырыбында студенттермен  кездесу өтті.

Тағылымды шара барысында Төлей ишан мешітінің бас имамы Қалдыбай Наурызбай баяндама жасап, ислам дініндегі отбасының орны мен маңызына кеңінен тоқталды. Отбасы – қоғамның негізі екенін атап өтіп, ата-анаға құрмет,отбасындағы сыйластық пен жауапкершілік, бала тәрбиесінің маңызы туралы насихат айтты.

Кездесу барысында студенттер өз сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.