blog Images

«Төлей ишан мешітінің имамы түсіндірме жұмыстарына қатысты

Маңғыстау облыстық наркологиялық орталығында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Басқұдық ауылдық Төлей ишан мешітінің наиб имамы Бөлекбайұлы Аслан ауруханадағы емделуші жандармен кездесіп, «Есірткі – қоғам дерті» тақырыбында тағылымды насихат жүргізді. Имам өз сөзінде есірткінің адам денсаулығына, отбасылық құндылықтарға және қоғам тұрақтылығына тигізер кері әсерін атап өтті. Сонымен қатар, дініміздің адам өмірі мен амандығын сақтауға ерекше мән беретінін айтып, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.