blog Images

«Шаңырақ» мешітінің ұжымы тұрғындарға Рамазан кестесін таратты

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Жаңаөзен қалалық  «Шаңырақ» мешітінің қызметкерлері ораза кестесін халыққа тарату жұмыстарын жүргізді.

Қала көшелерінде өтіп бара жатқан тұрғындарға Рамазан айының уақыт кестесі ұсынылып, айдың маңызы мен берекесі туралы қысқаша насихат айтылды.

Бұл игі шараның мақсаты – жамағатқа ораза уақыттарын дер кезінде жеткізіп, құлшылықты дұрыс атқаруға мүмкіндік жасау. Әрбір таратылған кесте – сауапты іске бастар қадам.