«Әбіш қожа» мешітінің жастары 2000 дана Рамазан кестесін таратты
Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Жаңаөзен қаласындағы «Әбіш қожа» мешітінің жастар ұжымы игі шара ұйымдастырды.
Ерікті жастар қала тұрғындарына 2000 дана ауызашар кестесін үлестірді.
Игі шараның мақсаты — халықты алда келе жатқан мүбәрак аймен құттықтап, ораза ұстаушыларға қажетті мәліметтерді қолжетімді ету.
Мешіт еріктілері қаланың адам көп жиналатын орындарында, атап айтқанда сауда орталықтары мен көше бойында тұрғындарға Рамазан айының кестесін таратып, оразаның мән-маңызы туралы қысқаша ақпарат берді.


